Өңірде жерді мақсатсыз немесе тиімсіз пайдаланған тұлғалардың учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы облыс бойынша 110 мың гектар жер учаскесін мемлекетке қайтару жоспарланған. Нәтижесінде облыстық жер ресурстарын басқару департаменті 129 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарып, жоспар 118 пайызға орындалды. Түркістан облысының жалпы жер қоры 11 млн. 610 мың гектар. Оның 800 мың гектары елді мекендердің үлесінде болса, 4,5 миллион гектарын тұрғындар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланып келеді.