Түркістан
EN

Түркістан облысында қытайлық компания туристік жобаларды жүзеге асыруға ниетті

38
05.03.2026

 Түркістан облысында қытайлық құрылыс алыбы – China Construction туристік жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров компания өкілдерімен кездесіп, туризм саласындағы бірлескен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады. Өңір басшысы Түркістанның туристік әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, шетелдік туристер санын арттыру негізгі міндеттердің бірі екенін жеткізді. Өткен жылы облысқа 15 мың шетелдік турист келген. Саяхатшылардың басым бөлігі Өзбекстан, Ресей, Қытай, Түркия және Қырғызстан елдерінен. Сонымен қатар жылына 3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы халықаралық әуежай жұмыс істеп тұр.