Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің Маңғыстау жұртшылығымен кездесті. Жиында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Конституцияның жаңа жобасындағы басымдықтарды түсіндірді.
Оның айтуынша, ел болашағын табиғи ресурстарға ғана емес, адами капиталға негіздеу өзгерістердің өзегі. Қазақстан табиғи қазба байлықтарға бай мемлекет. Дегенмен, бұл қорлардың мәңгілік емес екені белгілі. Сондықтан бүгіннен бастап экономиканы әртараптандыру, білім мен ғылымға басымдық беру – уақыт талабы. Ерлан Қошановтың сөзінше, бүгінде әлемде табиғи ресурсы аз болса да, адами әлеуеті жоғары мемлекеттер көш бастап келеді. Жаңа Негізгі заңдағы басымдықтар да Қазақстанды дәл осындай зияткерлік дамуға бағыттайды.