Ата заңның жаңартылған нұсқасы талқыланған жиын өтті

10
2026-03-04

Жаңа Конституция мемлекеттік басқарудың заманауи әрі тиімді жүйесін қалыптастырады. Талдықорғанда Ата заңның жаңартылған нұсқасы талқыланған жиын өтті. «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбымен ұйымдастырылған басқосуға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің маңызы, сондай-ақ елдің саяси жүйесін жаңғыртуға және ұзақ мерзімді дамуына тигізер ықпалы кеңінен талқыланды.