Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары күшейтілді

12
2026-03-04

 Атырауға Медина қаласынан ұшып келген чартерлік рейс қонды. Еске сала кетейік, қажылық сапарын өтеп жүрген бірқатар қазақстандық Таяу Шығыстағы жағдайларға байланысты елге дер кезінде орала алмай қалған еді. Air Astana әуе компаниясы үш чартерлік рейс арқылы 600-ге жуық жолаушыны Атырауға жеткізді. Жолаушылардың бір бөлігі Мединада бірнеше күнге кідірсе, енді бірі жоспарланған уақыттан ерте қайтуға мәжбүр болған. Қазіргі уақытта Таяу Шығыстан елге жеткізілген  жолаушылар Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайында ішкі рейстерге тіркеліп жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 мыңнан астам, ал Қатарда 3 мыңнан астам Қазақстан азаматы бар. Сондай-ақ, Сауд Арабиясында 1800-ге жуық, қақтығыс ошағына айналған Израильде 163 және Иранда 47 отандасымыз жүр.