Түркістан
EN

Ветеринария саласындағы жұмыстар жанданып келеді

106
03.03.2026

 Биыл Түркістан облысында құтырма ауруының алдын алу үшін 30 мыңнан астам бұралқы ит-мысықты аулау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мыңға жуық жануарды уақытша ұстап, екпе егу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте белгілі болды. Жалпы жиында аймақтағы ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар сараланды.