Түркістан
EN

7 жылда Қазақстанда 1,3 мыңнан астам жаңа мектеп салынды

113
03.03.2026

 Елімізде соңғы жеті жылда білім ордаларының  инфрақұрылымындағы проблемалар соның ішінде, апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептердің саны айтарлықтай азайған. Соның аясында ел аумағында жаңадан 1300-ге жуық білім ошағы бой көтерген. Бұл жөнінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында жазылған. Сонымен қатар, 2023-2025 жылдары құрылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 217 білім ошағы халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. Сондай-ақ, Үкімет басшысы TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне сәйкес, мұғалімдердің еңбекақысына қанағаттану деңгейі бойынша әлем елдерінің үздік бестіктің қатарында екенін тілге тиек еткен еді. Бұл көрсеткіш 2018 жылы небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жеткен. Ал қазіргі уақытта еліміздегі педагогтердің 95%-ы өз қызметінің материалдық тұрғыда дұқрыс бағаланып жатқанына ризашылық білдірген.