Түркістан қаласында халықаралық талапқа сай атшабар пайдалануға беріледі. Нысанның ашылуы ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылмақ. Атшабар 1500 орындық трибунамен, 4 жабық және 2 жаздық қорамен, манежбен және заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұнда көкпар, бәйге және өзге де ұлттық спорт түрлерін өткізуге толық мүмкіндік бар. Нысанның ресми ашылу салтанатында көкпардан әлем чемпионаты мен басқа да халықаралық жарыстар ұйымдастырылады. Кешен өңірдегі ұлттық спортты дамытып, туризмнің өркендеуіне серпін бермек.