Мәулен Әшімбаев ЕҰУ студенттермен жаңа Конституцияны талқылады

15
2026-03-03

Астанада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев студенттермен кездесіп, Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мәнін түсіндірді. Кездесуде тек құқықтық нормалар емес, қазіргі құбылмалы заманда Қазақстанның қалай даму керектігі туралы жастармен ашық әңгіме өрбіді. Жоғарғы палата спикерінің айтуынша, бұл құжат – әділетті қоғам орнатудың басты кепілі. Конституциялық реформа жас мамандардың әлеуетін ашуға жол ашып, кәсіби дамуына берік іргетас болмақ.