Қазақстан Таяу Шығыстағы мемлекеттерде қалып кеткен азаматтарын елге әкелу үшін Армения, Әзербайжан және Түрікменстан шекаралары арқылы эвакуациялау жоспарын әзірледі. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан азаматтарының Иран–Армения шекарасынан кедергісіз өтуіне келісім жасалды. Әзербайжан тарап эвакуация мәселесінде қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді, сондай-ақ Түрікменстан да мемлекеттік шекарадан өтуге жәрдемдесуге келісім берді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әрбір елдегі елшілікпен үздіксіз байланыс орнатқан.