Түркістан
EN

80 спортшы Түркістандағы ескек есу арнасында жаттығуда

103
02.03.2026

Түркістандағы халықаралық деңгейдегі ескек есу арнасы қазіргі таңда отандық спортшылардың негізгі жаттығу базасына айналды. Ұзындығы 2 мың метрден асатын бұл кешен — еліміздегі және Орталық Азиядағы бірегей инженерлік нысандардың бірі. Заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған айдын халықаралық жарыстарды қабылдауға толық қауқарлы. Бүгінде мұнда ұлттық құрама спортшылары алдағы ірі додаларға дайындығын пысықтап жатыр.