Референдум учаскелерінде дайындық қызу

8
2026-03-02

Түркістанда алда өтетін референдумға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.  Бүгінде қаладағы референдум учаскелеріне барлық қажетті жабдықтар жеткізілген. Атап айтқанда, дауыс беру жәшігі мен кабиналары, бақылаушылар орны жасақталған. Сонымен қатар қала көшелері мен халық көп шоғырланатын орындарда және аялдамаларда хабарландыру парақтары  ілініп тұр. Айта кетейік, шаһардағы барлығы 65 референдум учаскесінде мүгедектігі бар азаматтардың таңдау жасауы үшін қажетті жағдай жасалған.