Түркістан
EN

Қазақстан суицид жасаудан әлем бойынша 20-орында

284
08.04.2022

Жыл сайын 700 мыңға жуық адам суицид жасайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі  мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ел мен қоғамды алаңдатарлық жағдай. Ал өзіне қол жұмсауға әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Осындай жаға ұстатарлық сандарға Үкіметтегілер басты назар аудару керек екендігін жеткізді. Стратегиялық жоспарда да осы есептер басшылыққа алынуы керек дейді. Қазақстан бойынша да өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары көбейген. Әсіресе, 2015-2021 жылдар аралығында суицид жасау дерегі артқан. Статистика бойынша, халықтың 27,6 проценті өмірімен қош айтысуға ниеттенген. Ал оны жасауға әрекет ету үлесі 10,1 процентке өскен.