Түркістан
EN

Жаздық дақылдарды қуаңшылықтан сақтандыруға өтінім қабылданады

29
02.03.2026

 Елімізде жаздық дақылдарды қуаңшылықтан сақтандыруға өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Бұл туралы Аграрлық кредиттік корпорациясы мәлімдеді. Бағдарлама аясында  сақтандыру суарылмайтын жерлерге жүргізіледі. Өтінім беру мерзімі өңірлерге байланысты бекітілген. Бірқатар облыстарда дәнді дақылдарға өтінім бірінші сәуірге дейін, майлы дақылдарға  он бесінші сәуірге дейін қабылданады. Ал оңтүстік және батыс өңірлерде бұл мерзім 3 наурызға дейін ұзартылған.Өтінімді Kezekte.kz платформасы арқылы онлайн беруге болады. Шаруалар егіс алқабын тіркеп, сақтандыру компаниясын таңдап, сақтандыру төлемінің 20 пайызын төлейді. Қалған 80 пайызын мемлекет субсидиялайды. Аталған шара аграрлық саладағы тәуекелдерді азайтып, өнім көлемінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.