Түркістан
EN

Ресейден Қарағандыға әкелінген қызанақтан вирус анықталды

29
02.03.2026

Ресейден Қарағандыға жеткізілген қызанақтан қауіпті вирус табылды. Облыстық аумақтық инспекция мамандары фитосанитариялық бақылау барысында көрші елден келген өнімнің 130 қаптамасынан сынама алған. Сараптама қорытындысы бойынша, зерттелген үлгілерден қызанақтың қоңыр қатпарлы вирусы анықталды. Бұл ауыл шаруашылығына орасан зор залал келтіретін  ауру саналады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, аталған дерек бойынша жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ведомство өкілдері сыртқы саудаға қатысушыларға ел аумағына өнім әкелу кезінде фитосанитариялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.