Түлкібас ауданында Алғыс айту күніне орай ауқымды мерекелік шара өтті. «Алғыс айту – ұлт талғамайды» деп аталатын салтанатты кешке өңірдегі түрлі этнос өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, жиылған жұртшылық көшпелі көрмедегі бұйымдарды да тамашалады.