Түркістандық дәрігерлер тағы бір күрделі отаны сәтті аяқтады. Бұл жолы 61 жас шамасындағы науқастың қуығынан 80 дана тас алынды. Қарапайым көрінген ауырсынудың артында осындай күрделі кесел тұрғанын ешкім болжай алмаған. Бірнеше медициналық мекемеде ем қабылдаған науқас сауғып кете ала алмаған.Ал нақты диагноз орталық аурухана мамандары жүргізген кешенді тексеруден кейін анықталған. Дәрігерлер уақыт оздырмай, бірден заманауи әдіске жүгініп тері арқылы жасалатын ота түрін жасаған. Кейінгі кезеңдер асқынусыз өткен. Үшінші тәулікте урологиялық катетер алынып, бесінші күні жағдайы жақсарған науқас үйіне шығарылды. Бұл жағдай тәжірибелі мамандардың және дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің тиімділігін айқындап берді.