«Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында экосағат өтті

6
2026-02-27

Астана қаласында мектеп оқушыларына «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбындағы экосағат өткізілді. Ал онлайн форматта Павлодар қаласы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан оқушылар мен колледж студенттері қосылды. Іс-шараға Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев қатысты. Кездесу барысында жастар суды үнемдеу, судағы қауіпсіздік және цифрландыру мәселелері төңірегінде өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Мамандар суды тиімді пайдалану – әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс екенін атап өтті. Себебі су ресурстары – елдің тұрақты дамуы мен ұлттық қауіпсіздігінің негізгі кепілі.