Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Одағының Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Алешка Симкичпен кездесті. Тараптар екіжақты байланыстарды нығайту мен алдағы саяси реформалардың маңызын талқылады. Алдағы республикалық референдум да сөз болды. Мәулен Сағатханұлы Конституцияның жаңа жобасы мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар, бүгінде өзекті болып отырған су ресурстарын басқару, білім және ғылым салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру жайы айтылды. Өз кезегінде Алешка Симкич Еуропа Одағының Қазақстанмен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін растады.