Түркістан
EN

Саурандық кәсіпкерлер тегін суды бөгеген әкімге наразы

188
07.04.2022

Жәңгір Исмайлов 300 гектар жерге  бидай, жүгері, жоңышқа еккен. Жылда 35 центнер өнім алады.  Биыл межеден асу үшін несиеге техника алып,  жаңбырлатып суару әдісін енгізген.  30 бойы еркін алып келген ағын суды, былтыр ғана сайланған ауыл әкімі иемденіп, әдейі бөгеп отыр дейді шаруа. Қоймадан келген су осы жерден екіге бөлінеді. Бірі Майдантал, екіншісі Қаражонға қарай ағады. Былтыр қаражонға сек 45 литр су аққан. Биыл 25 литр ғана су беріліп отыр. Онысын шаруалар мен су мұрабы әкімнің қара құлып қоюымен байланыстырады. Сұрастыра келсек, бұл жерде бұрын да құлып болған. Тек кілті әркімнің қолында кеткен соң, ауыстырыпты. Өйткені, әкім жиналған суды  жыл бойы дихандарға толық жеткізу менің мойнымда.  Сондықтан, оны қадағалайтын СПК ашқанын айтады. Оны халық өзі таңдапты. Ал, кәсіпкерге  ешқандай қастандығым жоқ, қайта қолдауға әзірмін дейді әкім. Ал, шаруаның әкіммен мәмілеге келер түрі жоқ. Судан қысқанын қоймаса, «Жоғары жаққа арызданамын» -  деп тас түйін дайын отыр.