Экономиканы әртараптандыру мақсатында жаңа жобалар жүзеге аспақ

8
2026-02-26

Өңір экономикасын дамыту үшін ондаған жаңа зауыт пен мен электр станциясы салынып жатыр. Бұл жобалар мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Облыс әкімдігінде өткен инвестициялық штаб отырысында өндіріс орындарының жұмысы талқыланды. Кей аудандарда жұмыс баяу жүріп жатқаны айтылып, жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді. Қазір өңірде мұнай өңдеу зауыты, жел және газ электр станциялары, күкірт қышқылы зауыты, ауыр техника шығаратын өндіріс және дәрумендер өндіретін кәсіпорындар салынуда. Айта кетейк, өткен жылы облыс экономикасына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылған. 58 жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты.