Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев халыққа жаңа Конституцияның маңызын түсіндірді

10
2026-02-26

Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік құрылымның барлық қыры қамтылған. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жұртшылықпен кездесуінде осылай деді. Кенді Алтай жұртымен өткен ашық әңгіме барысында ел алдындағы маңызды саяси кезең мен алдағы реформалардың мән-жайы талқыланды. Сенат спикері өңірдегі қоғам белсенділерімен, мәслихат депутаттарымен, этномәдени бірлестік өкілдерімен және жастармен жүздесті. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қоғам талқысына түскен маңызды құжатта ел шекарасын нығайту, қауіпсіздік пен тұрақтылықты күшейтуден бастап, экологиялық мәселелерді шешу тетіктеріне дейін егжей-тегжейлі жазылған.