Мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде шығын келтірген фактісімен қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері хабарлады. Сонымен қатар мемлекеттік мүлік төмен бағамен сатылып, бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспеген. Құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілдегі жер учаскелері де сатылған. Бұл әрекеттерден қорға шамамен 800 млн теңге шығын келген. Аталған іс бойынша борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталды. Соттың санкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.