Жаңа Ата Заң жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесіне ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау міндеті Конституция деңгейінде бекітілмек. Бұл — ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи сабақтастықты сақтауға және ұлттық кодты келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды қадам дейді сарапшылар. Құжатта тарихи және мәдени ескерткіштерге қамқорлық жасау, оларды сақтау әрбір азаматтың міндеті екені нақты көрсетілген. Осыған қатысты Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері де пікір білдірді. Айтуларынша, бұл бастама ұлттық бірегейлікті нығайтып, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға ықпал етеді.