Түркістанда құны 138 миллиард теңге болатын ірі өндірістік парк ел экономикасына серпін бермек. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған жобаның аясында өңірде 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда жалпы аумағы 100 гектар болатын паркті жасақтаудың алғашқы кезеңі сәтті аяқталды. Мұнда ауыл шаруашылығы тракторларын құрастырудан бастап, дрондар мен бейнебақылау камераларын шығаруға дейінгі жоғары технологиялық жобалар шоғырланған. Бірінші кезеңді қаржыландыруға 17 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталды. Бұл отандық өнім көлемін арттырып, импортқа тәуелділікті азайтуға жол ашады. Ал, келесі кезең 2026-2027 жылдарға жоспарланған. Бұл мерзімде тағы 112 кәсіпорын ғимаратын салу көзделіп отыр. Дайын инфрақұрылымы бар алаң кәсіпкерлерге өндірісі қысқа мерзімде іске қосуға мүмкіндік береді.