Солтүстік Қазақстан облысындағы басты су нысаны — Сергеев қоймасының қазіргі уақытта 97 пайыз жері суға толды. Есіл өзенінің арнасын реттейтін бөгенде бүгінде 670 млн текше метр су жиналған. Мамандардың болжамы бойынша, биылғы көктемгі тасқын кезеңінде нысан 2 млрд текше метрге дейін су қабылдауы мүмкін. Қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жоспарлы су ағызу жұмыстары жүргізіліп, жағалаулар нығайтылуда. Өндірістік аумақтарда апаттық бригадалар құрылып, арнайы техникалар сақадай сай дайындалды.