Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 185 тұрғын үйді су алды. Сондай-ақ 78 саяжай мен 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Төтенше жағдай мамандары Ақтөбедегі тағы 15 саяжайды бақылауға алған. Қазір 30 республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар тас жолда су сору жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы елдегі төтенше жағдайдың алдын алу шараларына 2 жарым мыңға жуық адам тартылды.