Словакия мен Ирландияға қарсы ойындар Түркістанда өтеді

10
2026-02-24

 Түркістан қаласы халықаралық матчтарды өткізуге дайындық жасап жатыр. Жастар командасы арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екі кездесу «Түркістан Аренада» өтеді. 2027 жылғы біріншілікке іріктеу аясындағы ойындар 27 және 31 наурызға жоспарланған. Қазақстан құрамасы  Словакия мен Ирландия құрамаларына қарсы ойнайды. Матчтардың нақты басталу уақыты әзірге белгісіз. Билеттерге қатысты толық ақпарат алдағы уақытта жарияланбақ. Айта кетейік, биыл 9 -шы маусымда Түркістанда Қазақстан мен Венгрия құрамалары жолдастық кездесу өткізеді.