Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті. Жиында министрліктің өткен жылғы қызметі сараланып, негізгі көрсеткіштер мен нәтижелері сөз болды. 2026 жылға арналған міндеттер талқыланды. Алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды. Отырысқа Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Әліш Амангелді қатысты. Еңбек қатынастарын рәсімдеу, жалақыны уақытылы төлеу, әлеуметтік аударымдарды жүргізу мәселелері тұрақты бақылауға алынғанын атап өтті.