Көкшетау қаласында агроөнеркәсіпті қолдауға берілетін мемлекеттік субсидияларды жымқырғандар бас бостандығынан айырылды. «МолПродЖаркаин» директоры мен «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы екі жыл бойы сүт және терең өңделген өнімдерді арзандатуға арналған субсидияны заңсыз алып келген. Оларда жеткілікті мөлшерде сүт өндіретін жеткілікті малы болмаған. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде 3 млн кг-нан астам шикі сүт жеткізілгені туралы жалған құжаттар рәсімделген. Мемлекетке келтірілген жалпы залал сомасы 152 млн теңге. Айта кетейік, айыпталушылар алынған субсидияларды жасыру үшін туысының депозиттік шотына аударған. Кейін сол қаражатқа мобильді ғимарат сатып алыпты.