Ақмола облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды

5
2026-02-24

Мемлекеттік тілдің дамуы – тек мемлекеттік саясаттың бағыты емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі. Осындай пікір Ақмола облысында өткен волонтерлер форумында айтылды. Жиынға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен 400-ге жуық азамат жиналған. Қатысушылар тіл мәселесі тек қағаз жүзінде қалмай, қоғам болып қолдау тапса ғана нәтиже болатынын айтты. Яғни, бәрі өзімізден басталуы керек деген пікір ортаға салынды. Форумға келген ұлты неміс бойжеткен, волонтер-педагог Карина Роот та осы бағытта ойын білдіріп, мемлекеттік тілдің өркендеуі әр адамның күнделікті өміріндегі таңдауы мен құрметіне байланысты екенін атап өтті.