Түркістан
EN

Жатыр мойны обыры ең көп таралған дерттің бірі

107
23.02.2026

 Елімізде жатыр мойны обыры әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық аурулардың ішінде екінші орында тұр. Жыл сайын   2 мыңға жуық адамның осы сырқатқа шалдыққаны анықталса, оның жартысына жуығы дертінен айыға алмай  көз жұмады. Сондықтан қауіпті кеселдің алдын алудың бір жолы  ауруға қарсы алдын ала екпе салу дейді мамандар.Бүгінгі таңда  Түркістандағы емханаларда екпе егудің екінші легі жүріп жатыр.