Оңтүстік Корея республикасы мемлекет аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарына ел аумағынан өз еркіме шығып кетуіне тағы бір мүмкіндік берді. Оның мерізімі биылғы ақпан айының соңында аяқталады. Заңсыз мигранттардың өз еліне кедергісіз оралуы үшін жарамдылық мерзімі өтпеген паспорт, Кореядан ерікті кету туралы өтініш және ұшақ рейісіне алынған жолаушы билеті қажет. Еске салатын жәйт, олар елден кететіні туралы 15 күн бұрын немесе ең кемі үш тәулік алдын Корея Республикасының көші-қон органдарына алдын ала хабарлама жолдауы тиіс. Сала мамандары шетелде еңбек ету кезінде заң талаптарын сақтауға, ресми мәртебемен жұмыс істеуге шақырады. Айта кетейік, жеңілдетілген жүйедегі мұндай тәртіп қылмыстық құқықбұзушылық жасағандарға және келісім мерзімі аяқталған соң заңсыз мәртебеде қалған шетелдіктерге қолданылмайды.