Түркістан
EN

Шардара су қоймасында балықтардың қырылуына не себеп?

190
07.04.2022

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында балық қырылып жатыр. Әлеуметтік желіде шабақтардың жағалауда өліп жатқан бейнежазбасы тарады. Видеода кейбір тірі балықтардың басы мен денелерінде жаралар бар екенін көруге  болады. Бұл мәселеге қатысты тиісті мамандар мәлімет таратты. Олардың сөзінше, мөңке мен сазан балықтары және шабақтардың қабыршақтарында өзгерістер пайда болған. Ал балық инспекциясының мамандары олардың жаппай қырылуы  жылда болатын қалыпты жағдай екенін айтады. Қазір утилизациялау жұмыстары жүргізілуде.