Түркістан
EN

Азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау жөнінде дәріс өтті

101
23.02.2026

Президент көмекшісі, Конституциялық комиссияның мүшесі Қуанышбек Есекеев азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғаудың жаңа үлгісін қалыптастыру жөнінде дәріс өтті. Оның айтуынша,  бүгінгі таңда конституция цифрлық технолгияның қарқынды даму үстінде екенін ескеру керек. Яғни әрбір азамат  байланыс құқығына ие екеніне, ақпаратқа қол жеткізуіне және дербес деректерінің  сақталуына сенімді болуы тиіс.  Сондай-ақ дәріс барысында әлеуметтік саланы инклюзиялау және цифрлық трансформациялау тақырыптары да қозғалды. Азаматтардың барлық санаттары, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін мемлекеттік және білім беру қызметтеріне қолжетімділікті баршаға теңдей қамтамасыз ететін технологиялық шешімдерді қалыптастыру жайы да айтылды.