Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша республикада ең алдыңғы орында. Өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Виктор Майкомен кездесуде айтты. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Аймақ басшысы Түркістанның инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталып, облыста 21 индустриалды аймақ пен «Turan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанда украин капиталының қатысуымен 1200-ге жуық компания табысты еңбек етуде. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы мен Украина арасындағы тауар айналымы 10,5 миллион АҚШ долларына жеткен.