Түркістан
EN

Фармацевтикалық өндірісті кеңейтуге жеке инвестициялар бағытталады

63
23.02.2026

Шымкентте отандық дәрі-дәрмек өндірісі жаңа деңгейге көтерілмек. Енді «Химфарм» зауытының базасында құны 39 жарым миллиард теңгені болатын  ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Жоба аясында Шымкенттегі «Polpharma Santo» компаниясы өндірістік қуатын кеңейтіп, қосымша 300 тұрақты жұмыс орнын ашады. Инвестицияның қомақты бөлігі тек құрылысқа ғана емес, ғылыми зерттеулерді дамытуға да жұмсалмақ. 2029 жылдың соңына қарай іске қосылатын жаңа желі онкология, жүрек-қан тамырлары және туберкулез сияқты ауыр дерттерге қарсы 38 түрлі дәрілік зат шығаруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл препараттар халықаралық сапа стандарттарына сай келіп, халық үшін бағасы қолжетімді болмақ. Стратегиялық маңызы бар өндіріс еліміздің дәрі-дәрмек қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға жол ашады.