Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы өтті

9
2026-02-20

Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 18 мәселе қаралды. Сессия барысында Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданы әкімдерінің бюджет қаржысының игерілуі жөніндегі есептері тыңдалды. Сондай-ақ бірқатар салалық басқарма басшылары баяндама жасап, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу және өңірді басқару схемасын жетілдіру мәселелері талқыланды. Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов сессия жұмысын қорытындылап, алдағы келе жатқан референдумда бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.