Жаңа ата заң- мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз ететін құжат

10
2026-02-20

Елімізде Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер – бүгінгі уақыттың талабы. Құжат халық мүддесін, ұлттық құндылықтарды және заманауи басқару қағидаттарын бір арнаға тоғыстырады. Сондай-ақ бұл қадам қоғам қажеттілігі мен мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағыттарына сай келетін маңызды конституциялық жаңғыру ретінде бағалануда. Бастаманы көпшілікпен қатар, ұстаздар қауымы да қолдап отыр. Айтуларынша, азаматтардың жеке бас бостандығының алдындағы теңдік, сондай-ақ құқықтық кепілдіктердің сақталуы ерекше мәнге ие.