Жеке деректерді қорғау күшейтіледі

8
2026-02-20

Жыл басынан бері Түркістан облысында интернет алаяқтық бойынша 140 дерек тіркелген. Мұндай жәйттердің көпшілігінде алаяқтар банк қызметкері немесе орган қызметкері ретінде хабарласып, жымысқы ойын іске асырады. Немесе танысыңыз ретінде қарызға ақша сұрайды. Мұның барлығы ел азаматтарының жеке деректері қорғалуының әлсіздігінен орын алады.