Қасиетті Рамазан айы басталды

10
2026-02-19

Бүгін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Биылғы ораза 29 күнге созылып, 19 наурыз күні соңғы ауыз бекітумен аяқталады. Рамазан жүрекке иман ұялатып, қоғамды ізгілік пен мейірімге бастайтын ерекше кезең. Бұл айда жасалған әрбір игі іс, айтылған әрбір жылы сөз бен берілген садақа мол сауап пен берекенің бастауы саналады. Қасиетті айдың басталуымен мемлекет басшысы барша қауымды құттықтады. Президент өз құттықтауында Рамазанның дүние жүзіндегі миллиардтаған адамды рухани тазаруға, жақынына жанашыр болып, қамқорлық танытуға үндейтін айрықша мезгіл екенін атап өтті.