Жаңа Конституцияда білім-ғылымға басымдық беріледі

11
2026-02-19

 «Жаңа Конституцияда білім-ғылымға басымдық беріледі». Түркістан облысының тұрғындарымен кездескен жалпыұлттық коалиция мүшесі Мақсат Толықбай осылай деді. Халық қалаулысы жаңа заң жазыларда аумағы алақандай, табиғи ресурсы аз болса да озық мемлекетке айналған елдердің тәжірибесін алып қарағанын жеткізді. Айтуынша бұл мемлекеттер негізгі инвестицияны білім саласына бөлген. Біздің елде де басты құжат қабылданған соң ғылымға жұмсалатын қаржы еселене түспек.