Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасы аумағынан экстрадициялады. Тергеу мәліметінше, күдікті 2023 жылы жалған шот-фактуралар рәсімдеген, алайда іс жүзінде ешқандай жұмыстар орындалмаған. Салдарынан салық төленбей, мемлекетке 350 миллион теңгеге жуық залал келтірілген. Осы қылмысынан кейін жасырынып, халықаралық іздеуде жүрген азамат 2025 жылдың наурызында Бішкек қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалған. Айыбы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.