Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер түсіндірілді

10
2026-02-19

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Төлеби мен Қазығұрт аудандарына барды. Онда бірқатар кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерді таныстырды. Делегация құрамында Парламент мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев бар. Ол тұрғындарға жаңа Ата Заң жобасында ұлттық құндылықтарға басымдық берілгенін айтып, өзгерістердің мән-маңызын жан-жақты тарқатып, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айшықтап берді.