Баласын аяусыз соққыға шыққан қатыгез анаға сот үкімі шықты

11
2026-02-18

Жетісу облысында төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйел сот үкімімен жазаға кесілді. 18 қаңтар күні болған оқиға әлеуметтік желі де тараған еді. 28 жастағы келіншек баласын қабырғадағы  жылу батареясына байлап қойып,  ұрып-тепкілеген. Кейінірек белгілі болғанындай   анасы жуынатын бөлмедегі судың бұрандасын  жабуды ұмытып кеткені үшін баласын осылай “жазалаған”. Тергеу барысында әйелдің психикалық ауытқуы бар екені анықталып,  қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот әйелді мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады. Ал төрт және екі жастағы бүлдіршіндер Талдықорған қаласындағы балалар мекемелерінің біріне тәрбиелеуге берілді.