13 жастағы қыз баланы екі ер адам көлігіне отырғызып, ұрлап әкетпек болды

10
2026-02-18

Тараз қаласында 13 жастағы қызды екі жігіт көлікке күштеп отырғызып, ұрлап кетпек болған. Осы оқиғаның үстінен түскен ер адам қызды бөтенді пиғылды жандардан арашалап алып қалады. Амалы таусылған күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалған. Қалалық полиция жедел іздестіру шараларын жүргізіп, қызды ұрлауға әрекет жасады деген күдікпен екі азаматты ұстады. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.