Полиция департаментінің баспасөз хатшысы бүгін түнгі бір жарымда жансақтау бөліміне жатқызылды. Өз-өзіне қол жұмсаған Мөлдір Бекеева әлеуметтік желіде қоштасу хатын да қалдырған. Қысымға шыдай алмадым деген қызметкер бұған департамент басшысылығын кінәлапты. Апта бұрын ғана YouTube желісінде Бекеева былапыт сөз айтты деген тақырыппен аудиожазба тараған еді. Осыдан кейін жұмыстан кету туралы өтініш жазған ол ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Суицид жасаған баспасөз хатшысы әлі есін жиған жоқ. Алдын ала болжам бойынша ол көп мөлшерде дәрі ішкен болуы мүмкін. Қазір Мөлдір Бекееваның өз-өзіне қол салуына қатысты тергеу жұмыстары басталды. Ал полиция департаменті оның жұмыстан кеткенін жоққа шығарды. Еске салайық, апта бұрын ғана ютуб желісінде Мөлдір Бекеева былапыт сөз айтты деген тақырыппен аудиожазба тараған еді. Қазір бұл іске қатысты да билік өкілін қорлау бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген.