Түркістан облысында снюс дайындаумен айналысқан топ ұсталды

10
2026-02-17

 Түркістан облысында темекі өнімдерін заңсыз дайындап, таратумен айналысқан топ құрықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі Келес және Ордабасы аудандары аумағында орналасқан 3 жасырын цехті тауып, олардың қызметін тоқтатты. 20 адам жұмысқа тартылған заңсыз өндірістің аумағы 500 шаршы метр. Ол жерден 1 млн-нан астам дайын өнім, 30 тонна темекі, 2 млн қаптама пакеті, түрлі хош иістендіргіштер мен улы химиялық қоспалар, сондай-ақ өндірістік арнайы жабдықтар тәркіленді. Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.