Түркістан
EN

Мектеп оқушыларының үзіліс кезінде телефон пайдалануына да тыйым салынбақ

76
17.02.2026

Енді оқушыларға үзіліс кезінде де телефон пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Мұндай өзгеріс  ұстаз мәртебесі мен білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасында қарастырылған. 47-бапқа түзету  енгізуді ұсынған депутаттардың айтуынша, телефонды тек сабақ барысында ғана емес, үзіліс уақытында да қолдануға шектеу қою кибербуллинг пен деструктивті контенттің алдын алуға, сондай-ақ мектептердегі тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.