Түркістан облысында өткен көкпардың соңы жаппай төбелеске ұласты

8
2026-02-17

Түркістан облысында өткен көкпардың соңы жаппай төбелеске ұласты. Салдарынан 20 жастағы Акбаржан Әбдімажитов ауыр соққыға жығылды. Куәгерлердің айтуынша, бір топ адам жігітті жабылып ұрып, хал үстінде жатқанына қарамастан басынан тепкілеген. Ауыр жарақат алған жас жігіт бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатты. Қазір палатаға ауыстырылғанымен, есін әлі толық жимаған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Баласынан айрыла жаздаған ата-ана қауіпсіздік үшін аурухана маңын өздері күзетіп жүр. Ал Түркістан облысының полиция департаменті бұл іске қатысты екі адамның күдікке ілініп, бастапқыда қамауға алынғанын хабарлады. Кейін сот шешімімен олардың үйқамаққа жіберілгені белгілі болды